☀️ЖАЗ – 2025
🌈"Zhaltyr Camp" мектеп жанындағы лагердің 2-күні Достық тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
🎨Шығармашылықты ұштаған сурет салу сәтінде әр бала достық туралы әр қиялын бейнеледі.
📖"Даналық мектебі" жобасы аясында "Әжемнің әңгімесі" дөңгелек үстел өткізіліп, әжеміз "Үш дос" әңгімесін оқып берді. Балалар өз ойларымен бөлісті.
🔐 Ертегі кейіпкерлерін табу мақсатында квест ойыны өткізілді.
Бұл күн – шаттық пен достықтың жарқын мерекесіне айналды.
Тәрбиешілер: Бейсекеева А.С.
Жунусова Ұ.С.
#жаз2025
