☀️ЖАЗ – 2025
🌈"Zhaltyr Camp" мектеп жанындағы лагердің
2 ауысымының 1-күні Достық тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
✨️ Балалар таңертеңнен бастап көтеріңкі көңіл-күймен жиналды. Олар қызықты логикалық тапсырмаларды орындап, 🤔 тапқырлықтарын көрсетті. Қозғалмалы ойындар мен спорттық жаттығуларға белсене қатысып, 💪 шапшаңдық пен ұйымшылдық танытты. Күн соңында оқушылар бір-біріне жылы лебіздер айтып, 💌 достықты нығайтатын тілектерін білдірді. Бұл күн балаларға қуаныш пен жаңа достар сыйлады! 😊👫🎉
Тәрбиешілер: Сулейменова К.Б.
Кабдыкаримова М.Т.
#жаз2025
