☀️ЖАЗ-2025
2025 жылдың 8-шілде күні Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің 3 оқушысы Қазақстан халқына қорының қолдауымен Ақмола облысы, Зеренді ауылында орналасқан “Парус” жазғы сауықтыру лагерінде 10 күндік демалысқа жолдама алды.
Аталған демалысқа 10-14 жас аралығындағы оқу жылында үлгілі тәртібімен, үздік оқумен көзге түскен, білім және спорт додаларында жетістіктерге жеткен, сондай-ақ көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар іріктеліп жіберілді.
Жаңа үлгідегі заманауи лагерьде балалардың демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге барлық жағдай жасалған. Мұндай демалыс балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, жаңа достар табуына және жарқын әсерлерге бөленуіне үлкен мүмкіндік береді. Оқушыларға жақсы демалыс тілейміз💫
@bilim_mai
@zerenda_parus


