Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі жанындағы “Zhaltyr camp” жазғы сауықтыру лагерінде “Әріптер сөйлесін”, “Сен және жылдамдық”, “Кім жылдам?”, “Темір басқатырғы” танымдық ойындары ойнатылды. Балалар ойынға белсене қатысып, уақытты қызықты, әсерлі өткізді.
🔮Танымдық ойын — бұл балалардың ойлау, есте сақтау, зейін, тіл дамыту сияқты танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған ойын түрі. Бұл ойындар арқылы адам жаңа білім алып, ақпаратты тереңірек түсініп, логикалық ойлауын жетілдіреді.
Педагог-психолог: А.М.Сламбекова
