Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі жанындағы “Zhaltyr camp” жазғы сауықтыру лагерінде “Шаттық алаңы” жобасы аясында “Қайырымды іс акциясына” оқушыларымыз белсене қатысты. Қыздар асханада аспазшымызға түскі ас жасауға көмектесті, ал ұлдар болса мектеп алдындағы гүлдерді суарды.
🫂 Қайырымды іс акциясына қатысу — қоғамға пайда тигізудің, жақсылық жасаудың және өзгелерге қолдау көрсетудің тамаша жолы.
✅ Қатысудың пайдасы
– Адамдарға нақты көмек көрсету.
– Жақсы істердің үлгісі болу.
– Жаңа таныстар табу, орта қалыптастыру.
– Ішкі жан дүниеңізді байыту.
Педагог-психолог А.М.Сламбекова
#ШаттықалаңыРЦПП
