Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі жанындағы “Zhaltyr camp” жазғы сауықтыру лагерінде “Шаттық алаңы” жобасы аясында “Қызықты сергіту сәті” және “Сиқырлы қорап” тақырыбында тапсырмалар ұйымдастырылды.
🧠 Сиқырлы қорап сұрақ-жауап тапсырмаларының пайдасы:
1. Танымдық қабілетті дамытады
✔️Балалар жаңа ұғымдармен, мәліметтермен танысады.
✔️Ойлау, салыстыру, талдау, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіреді.
✔️Қызықты сұрақтар арқылы білімге деген ынта оянады.
2. Эмоциялық дамуға әсері
✔️Балалар өз пікірін ашық айтуға, сенімді болуға үйренеді.
✔️Қызықты, күтпеген сұрақтар эмоциялық серпіліс тудырады.
✔️Қобалжуды жеңуге көмектеседі, сахна алдындағы қорқынышты азайтады.
3. Шығармашылық пен қиялды дамытады
✔️Еркін жауап беру арқылы бала қиялын іске қосады.
✔️Әртүрлі рөлге еніп жауап беру – креатив ойлауға жол ашады.
✔️Ойын түрінде болғандықтан, еркіндік пен белсенділік артады.
Педагог-психолог А.М.Сламбекова
#Шаттықалаңы2025
