Жалтыр мектебінің жас ұстаздары “Жас ұстаз – табысқа апарар жол” облыстық жас мамандар форумына қатысты.
Форум бағдарламасына сәйкес Республикалық “Дарынды балаға – талантты ұстаз” конкурсының жүлдегері мектеп психологі Сламбекова Айгуль Муратовна марапатталды. Сонымен қатар, биология пәнінің мұғалімі Жантенова Жулдыз Асылболатовна форум аясында өткен облыстық “Менің педагогикалық инновациям” конкурсының 2 орын иегері атанды.
Форум барысында Сламбекова Айгуль Муратовна өз іс тәжірибесімен бөлісті.

