#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Май ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері Жалтыр орта мектебінің оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді
Мектеп оқушылары “Есірткінің заңсыз айналымы” тақырыбында дәріс оқыды.
Полиция инспекторы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына және олардың тыйым салынған заттарды пайдалануына байланысты құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін көзделген құқықтық салдарларды түсіндірді. Есірткіге байланысты қылмыстар жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін нақтылады. Қатысушылар заңнаманы сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Іс-шара соңында оқушыларға тақырыптық әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. #есірткігежолжоқ
