Мектепалды даярлық сыныбында “Игі істердің шеберлері” атты қолдан жасалған бұйымдар мен суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Шара барысында кішкентай бүлдіршіндер өз қиялдары мен шеберліктерін танытып, ата-аналарымен бірге түрлі бұйымдар мен шығармашылық жұмыстар жасады. Әр отбасында дайындалған қолөнер туындылары көрмеден ерекше орын алды.
Көрме мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ізгілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және ата-ана мен бала арасындағы байланыс нығайту болды.
