🎓✨️«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»
✨️Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде 2025 жылдың 23 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында соңғы қоңырау іс-шарасы өткізілді. Биылғы оқу жылында мектебімізде 18 түлек үлкен өмірге қадам басты.
✨️Шараға Май аудандық білім беру бөлімінің басшысы Р.Е.Енсебаев, Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі О.Д.Сыздыков, Май аудандық мәслихатының төрағасы М.Қызырұлы, әйелдер қауымының төрайымы Б.Р.Бейсекеева, мектебіміздің ардагер ұстаздары және құрметті ата-аналары қатысты. Келген қонақтар жас түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады.
✨️2024-2025 оқу жылының рейтинг қорытындысы бойынша "Жыл оқушысы-2025" номинациясымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының екі мәрте жеңімпазы Хуттымбек Ерасыл марапатталып, дәстүрлі жыл оқушысына Шамкенова Роза Шамкенқызы атындағы шәкіртақы тағайындалды.
Май аудандық мәслихатының төрағасы М.Қызырұлы мектебіміздің дарынды оқушыларының бірі, Махамбет оқулары байқауының республикалық кезеңіне қатысқан Смагулова Балеркеге шәкіртақы тағайындады👏
✨️Бұл шара тек қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар алғашқы белес, болашаққа деген нық сенім мен армандардың бастауы.
Түлектерімізге сәт сапар, ақ жол тілейміз!
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#жастүлек2025
