Skip to content

Май аудандық ауруханасының Жалпы тәжірибелі дәрігері Штифель Айнур Дмитрийқызы және…

Май аудандық ауруханасының Жалпы тәжірибелі дәрігері Штифель Айнур Дмитрийқызы және Дені сау өмір салтын ұстану бойынша үйлестіруші Айтказина Замзагуль Сайлаубаевна мен психолог Путинцева Регина Николаевна және Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің мейіргері Ахмет Ақтоты Жулдызқызы 6 – 11 сынып оқитын қыз балаларға арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында “Адам папиллома вирусы (ВПЧ)” тақырыбы кеңінен қамтылып, слайдтар, бейнеролик және ақпараттық буклеттер арқылы мазмұн жан-жақты ашылды. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың медициналық сауаттылығын арттыру, адам папиллома вирусының алдын алу жолдары туралы түсіндіру болды.
@maiskaya_rb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *