Май аудандық ауруханасының хирург-дәрігері Абубакиров Дильшод Абдувалиевич, гинеколог-узист дәрігері Ансабаева Гульмира Кабдулловна және Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің медбикесі Ахмет Ақтоты Жулдызқызы 8–10 сынып оқушыларына арналған “Ер және әйел денсаулығы және жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялық аурулар” тақырыбында танымдық кездесу өткізді.
Шара барысында мамандар жасөспірімдерге адам ағзасындағы физиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу кезеңіндегі гигиеналық талаптар және жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу жолдары туралы түсінік беріп, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың медициналық сауаттылығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
@maiskaya_rb
@gulmira_ansabaeva
