Қысқы каникул жоспарына сәйкес “Мектепте ұялы телефон қолдану” тақырыбында ұстаздар мен оқушылар арасында пікірталасты тәлімгер А.М.Сламбекова ұйымдастырды.
Пікірталас соңында Оппозиция спикері Алтынай Қызырхановна өз ойын өлеңмен жеткізді:
Телефонды алмаймын
Сабақтан мен қалмаймын
Барлығына үлгеріп,
Ата-анамды қолдаймын
Телефонсыз жүремін,
Бақытты өмір сүремін
Сыныптастарыммен бірге
Ойнап-жүріп күлемін
Зиянды заттардан аулақ бол!
Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен!
Осының бәрін Оппозиция білген!
