ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІНДЕ!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бастама– балалық шақтың мемлекет үшін аса маңызды екенінің тағы бір айқын дәлелі.
Осыған орай аудан орталығында «Мамандықтар жылы» аясында «Қазақстан балалары мамандықтар әлемінде» атты салтанатты шеру өтті. Жалтыр орта мектебінің оқушылары сауыншы мамандық иесі болып өнер көрсетті.





