“Қазақстан балалары” 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізу тұжырымдамасы негізінде 26 мамыр “Балалардың сенімді дәрігері” тақырыптық күндер аясында Жалтыр жалпы орта білім беру мектеьінің медбикесі Ахмет А.Ж. 4-сынып оқушыларына арналған «Тамақтану бойынша кеңестер» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтану ережелері жазылған ақпараттық буклет таратылып, балаларға теңгерімді және пайдалы тамақтанудың маңыздылығы түсіндірілді. Өсіп келе жатқан жас ағза үшін пайдалы тағамдардың рөлі мен күнделікті дұрыс тамақтану тәртібін ұстанудың қажеттігін атап өтті.
#Қазақстанбалалары
#қазақстанбалалары
#ҚазақстанбалаларыПавлодарБББ
