Skip to content

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби…

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбаевтың мұраларын жас ұрпаққа насихаттау үшін көптеген шаралар өтуде. 18 желтоқсан күні Ақшиман НМ базасында 8-11 – сынып оқушылары арасында республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамытуға, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ауданымыздың түкпір-түкпірінен жиналған ұл-қыздар 6 номинация бойынша бақ таластырды.
Сайыс қорытындысы брйынша 1 номинация «Өлең – сөздің патшасы…» – Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу бағытында 9-сынып оқушысы Темірболат Әли 3- орын, «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрімнің өлеңдері мен күйлерін орындау бағытында 9-сынып оқушысы Сейлғазы Жадыра 3- орынды иеленді.
Құттықтаймыз 💐💐
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Гульден Кусмановна

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *