👨🚒🚒 ҚАУІПСІЗДІК АПТАЛЫҒЫ жалғасуда
“Қауіпсіздік апталығы” аясында Май ауданының ТЖБ өрт сөндіру қызметкерлері мен Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі А.Р.Амангельдинов мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт сөндіру кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдары мен техникалық жабдықтармен таныстырды. Төтенше жағдай кезіндегі нұсқаулықтармен таныстырып, оқушыларға жадынамалар таратылды.
