Skip to content

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев…

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің шалғай ауылдарының педагогтерімен кездесу өткізді. Шарада қатысушылар «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын қорытындылап, орта білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қатысушылардың қатарында ауданымыздың екі педагогі бар. Олар Жалтыр орта мектебінің ұстазы Эльмира Базылбаева және Е. Мұқашев атындағы мектептің жас ұстазы Ғаламат Жанабек бар.

Кездесуге қатысушылар өздерінің жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың ауылдық мектептерде білім беру сапасын жақсартуға қалайша ықпал еткенін талқылады.

Кездесу соңында министр “Үздік сынып жетекші” республикалық байқауының жеңімпаздарына, гран-при иегері Ғаламат Ғалымжанұлына марапатты табыстады. Ал, Эльмира Егинбаевна және бірқатар педагогтер білім беру жүйесін дамыту қосқан елеулі үлестері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *