ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ МӘҢГІЛІК
Мәңгілік алауға тағзым – ұрпақтың парызы. Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ерлік пен батырлықтың символына айналған бабалар рухына тағзым етті.
Бұл – тарихты ұмытпай, бейбіт өмірдің бағасын білуге тәрбиелейтін мағыналы әрі жүрекке жылы шара.
Батырлардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Жеңіс жолын жалғағандар – мәңгі жадымызда.
Мәңгілік тағзым!
