Бастауыш сынып апталығы аясында бастауыш сынып оқушылары үшін «Қызықты үзіліс» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру, сергіту сәтін тиімді өткізу, ұжымдық әрекетке баулу және олардың зейінін дамытуға жағдай жасау.
Арнайы таңдалған жаттығулар мен ойындар оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыра отырып, назарын шоғырландыруына көмектесті.
Мұндай шаралар бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын күшейтіп, олардың күнделікті сабақ барысындағы жұмыс қабілетін жақсартуға ықпал етеді.
