Балалар күніне орай ұйымдастырылған "БАЛА БИЗНЕС" жобасы
1 маусым — Балалар күніне орай мектебіміздің 7-сынып сынып оқушысы Камит Зере және
8- сынып оқушысы Самарқан Айзура ауданымызда өткен «Бала бизнес» жобасына белсене қатысты. Өз қолымен дайындаған дәмді торттар, пицца, вафли, шоколадты құлпынайды мерекелік шара кезінде сатып, өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін танытты. Қыздарымыздың дайындаған тәттілері балалар мен ата-аналарға қуаныш сыйлап, ерекше сұранысқа ие болды. Жобаға қатысқан оқушыларымыз Алғыс хат және сыйлықпен марапатталды👏👏👏





