"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектебімізде Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектеп кітапханашысы Ш.Алдангорова "Шын жүректен кітап сыйла" акциясын ұйымдастырды. Акцияға 1-11 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Оқырмандар мектеп кітапханасына өз сыйлықтарын тарту етті.
Акцияның мақсаты: барлық кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақырып, жылулық пен мейірімге толы лебіздер айтып, сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
#балаларкітапханасы
#балаларкітапханасыжобасы
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
