Skip to content

АУДАНДЫҚ «ҮЗДІК ОҚЫРМАН» БАЙҚАУЫ “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру…

АУДАНДЫҚ «ҮЗДІК ОҚЫРМАН» БАЙҚАУЫ

"Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында дәстүрлі аудандық “Үздік оқырман” байқауы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру.
Байқауға аудан көлеміндегі мектептерден жалпы 46 оқушы қатысты. Қатысушылар көркем шығармаларды мәнерлеп оқып, мазмұнын ашып, өз ойларын еркін әрі шебер жеткізу арқылы әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік оқырмандар анықталып, мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды

3-сынып оқушысы Ермек Мұхаммед-Али ІІ орын🥈
Мұғалімі: Достаева Раушан Кумаровна
8-сынып оқушысы Сейлғазы Нұрасыл ІІ орын🥈
Мұғалімі: Базылбаева Эльмира Егинбаевна
10-сынып оқушысы Үйренқызы Айнұр ІІ орын🥈
Мұғалімі: Андасова Алтынай Кызырхановна

Оқушыларғаақшалай сертификаттар және арнайы дипломдар табысталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 👏👏👏
@bilim_mai
@mai_aqparat
@ruslan.erikuly

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *