Skip to content

“Артериялық қан қысымы” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті Май аудандық аурухананың…

“Артериялық қан қысымы” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

Май аудандық аурухананың жалпы тәжірибелі дәрігері Штифель Айнур Дмитрийқызы Жалтыр ЖОББ мектебінің 10-11 сынып оқушыларына, мұғалімдері мен қызметкерлеріне арнап кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар артериялық қан қысымы жайлы маңызды ақпараттармен танысты. Дәрігер слайдтар мен ақпараттық буклеттер арқылы қан қысымының алдын алу, белгілері және оны бақылау жолдары туралы кең мағлұмат берді. Қатысушылар өз сұрақтарына толыққанды жауап алып, пайдалы ақпаратқа қанықты.
@maiskaya_rb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *