Апталық аясында 2-сынып оқушыларымен еңбекке бацлу пәнінен «Туған өлкем» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды туған жердің табиғатын тануға, мезгіл ерекшеліктерін ажырата білуге, ұқыптылық пен шығармашылыққа баулу.
Сабақ барысында оқушылар түрлі түсті қағаздармен жұмыс істеп, табиғат көрінісін қолөнер арқылы бейнеледі: қағаздарды қиып, жабыстырып, өз ойларындағы туған өлкенің суретін жасады. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін сәйкестендіріп, тапсырмаларды орындады.
