ЗАҢ МЕН ТӘРТІП 🧠 «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында — «Біз зорлық-зомбылықсыз өмірді қалаймыз» пікірталас алаңы өтті
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн іс-әрекет» акциясы аясында мектебімізде оқушылардың ойлау мәдениетін дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге үйрету және қауіпсіз қоғам құруға деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында мектеп парламенті мен “Дебат” үйірмесінің жетекшісі Н.О.Бакауова «Біз зорлық-зомбылықсыз өмірді қалаймыз» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды.
Пікірталас барысында оқушылар зорлық-зомбылықтың түрлері, оның зардаптары және алдын алу жолдары туралы ашық пікір алмасты.
✨ Шара оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтып, өз ортасында бейбітшілік пен сыйластықты дәріптеуге бағытталды.
#ҰшқырОйАлаңы #Пікірталас #ЗорлықЗомбылықсызӨмір #ҚауіпсізМектеп #ТәрбиеЖұмысы #заң_мен_тәртіп #заңментəртіп @bilim_basqarmasy
