Skip to content

2025 жылғы 6 қарашада «Білім беруді дамытудың жаңа векторы: стратегиялар…

2025 жылғы 6 қарашада «Білім беруді дамытудың жаңа векторы: стратегиялар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция шеңберінде Үндістан, Маврикий, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан Республикасының өңірлерінен келген педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің кәсіби диалогы өтті.

Тақырыптық алаңдар бағдарламасына қазіргі заманғы менеджменттің, білім беру сапасын арттыру бойынша инновациялық процестерді ұйымдастырудың, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізудің неғұрлым өзекті мәселелері енгізілді, бұл ХХ1 ғасырдың жаһандық сын-қатерлеріне жауап береді.

Конференция педагогикалық қоғамдастықтың цифрлық құзыреті негізінде дамушы білім беру кеңістігін құру бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Алғаш рет жеке алаңда «Үздік педагог» атағы иегерлерінің шеберлік сыныптары өтті.

Өзекті идеялар мен ұсынылған озық тәжірибені ескере отырып, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар таяу болашаққа (2025 -2026 жылдарға) қарар қабылдады.
Коференцияға мектеп директоры А.К.Жаныгулова қатысты
@bilim_mai @ruslan.erikuly @bilim_basqarmasy
@aigerim_erkenovna @malikovaa_aigul

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *