Skip to content

🎁📌 «Мектепке тағзым»: мектеп түлектері білім ордасына сыйлық тарту етті…

🎁📌 «Мектепке тағзым»: мектеп түлектері білім ордасына сыйлық тарту етті

Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде дәстүрге айналған «Мектепке тағзым» акциясы өз жалғасын табуда. Биыл 1975 жылғы 50 жылдық түлектер акция аясында бастауыш сынып кабинетіне киім салатын шкафтарды сыйға тартты.

Бұл игі іс түлектердің алтын ұя мектебіне деген ыстық ықыласын, қамқорлығын көрсетеді. Олар білім ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлес қосып, бастауыш сынып оқушыларына қолайлы жағдай жасауға атсалысты.

Талапқа сәйкес, бастауыш сынып кабинеттерінде әр оқушының жеке киім салатын шкафы болуы қажет. Осы бағытта жасалған түлектердің сыйы — мектеп өміріндегі үлкен көмек пен қамқорлықтың айқын көрінісі.

«Туған елге тағзым ету – парызым, туған жерге қызмет ету – қарызым» деген ұстаныммен әрекет еткен 1975 жылғы түлектерге мектеп ұжымы мен оқушылар атынан шексіз алғыс білдіреміз.

#МектепкеТағзым #ЖалтырОртаМектебі #ТүлектерСыйы @bilim_mai @ruslan.erikuly @aigerim_erkenovna @bilim_basqarmasy @malikovaa_aigul

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *