Skip to content

🗓️ 5 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдер күні! Бұл күн…

🗓️ 5 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдер күні!

Бұл күн – халқымыз үшін айрықша маңызға ие.
Өйткені дәл осы күні қазақ руханиятының шамшырағы, ұлт ұстазы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Ол – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, әліпбиді реформалаушы, ұлттық баспасөздің бастауында тұрған, ұлтының сөзін қорғаған бірегей тұлға.

2017 жылдан бері 5 қыркүйек – еліміздегі барлық этностардың тілін құрметтеу, мәдени әралуандылықты дәріптеу, рухани келісімді нығайту мақсатында Тілдер күні ретінде ресми түрде аталып келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы:
📝 "Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады" – деп, тілдің ұлт тағдырындағы рөлін айрықша атап көрсеткен.

Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес.
Ол – халықтың жаны, тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен болмысының айнасы.

Бұл мереке – ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, оны сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген әрбір жанға деген алғыс күні. Сондай-ақ жас ұрпақты тілге құрметпен қарауға, ана тілін ардақтап, ұлт рухын бойына сіңіруге үндейтін маңызды сәт.

Тілдер күніне орай Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Озеруга Любовь Н.Айтұлының "Ана тілім"
өлеңін оқыды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *