Дін мәселелері жөніндегі кездесу
Мектебімізде Павлодар облысы бойынша ЖШС «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ақпараттық-түсіндірме тобының басшысы Асанбаева Зайда Омербекқызының қатысуымен 9- 11 сыныптарға арналған кездесу өтті.
📌Кездесуде Зайда Асанбаева әлеуметтік желіден келетін қауіптер, оның ішінде дінге қатысты тиым салынған ақпараттардың жасөспірімнің өміріне қатері туралы айтып өтті және облысымыздағы болған оқиғалармен бөлісті. Сонымен қатар, ең басты тәртіп мектеп формасын сақтаудан басталатындығын тағы бір мәрте ескертті.
Түсіндірме жұмысы барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға жадынамалар таратылды.

