Skip to content

🔶МЕКТЕП АСХАНАСЫНА ЫСТЫҚ ТАМАҚТЫҢ БЕРІЛУІ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ✅ 🔰2025 жылдың…

🔶МЕКТЕП АСХАНАСЫНА ЫСТЫҚ ТАМАҚТЫҢ БЕРІЛУІ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ✅

🔰2025 жылдың 5-қыркүйек күні Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде асхана жұмысының және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастыруын бақылау мақсатында мектептің бракераж комиссия мүшелері мектеп директоры А.Жаныгулова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Заирова және әлеуметтік педагог А.Абеуова , мектеп медбикесі, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қ.Ботабай және мүшесі М.Кунантаева асхана жұмысына тексеру жұмысын жүргізді.
✅Мониторинг топ мүшелері асханаға келген тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын, астың дайындалу технологиясын, ас блогының санитарлық жағдайын тексерді.
🔶Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған. Асханада арнайы ыдыс жуатын орындары бар. Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай келеді.
#бракеражкомиссиясы
#асхана
#ыстықтамақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *