«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ДЕМЕУШІЛІК КӨРСЕТІЛДІ
Аталған акция аясында мектебіміздің ұстаздар ұжымы, Май аудандық мәслихат депутаты Қызырұлы Мейрамбек, "Талды" , "Қарабұлақ", "Жантөре" шаруа қожалықтарының басшылары, ИП "Игілік" Айдарханова Сайран, "Қарлығаш" балабақшасының ұжымы, ауылымыздың зейнеткерлері Қыдырбаев Сайлаубай, Дарабаев Теменай, Баянбаев Бекен 21 оқушыға кеңсе тауарлары мен рюкзактар, спорт, мектеп формаларын оқушыларға тарту етіп, демеушілік танытып, ізгі іс жасап, қолдау көрсетті.
Ұрпақ болашағы үшін айрықша қамқорлық танытып жүрген жомарт жүректі азаматтарымыздың игі істеріне көптің Алғысын білдіреміз. Отбасына амандық, ісіне береке тілейміз!
«Мектепке жол» акциясы 1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жақсылық жасап жарысайық!

