АБАЙ ЕЛІНЕ САЯХАТ
Мектебіміздің оқушылары Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған танымдық саяхатқа барды.
Саяхат Абай мен Шәкәрім жатқан қасиетті өлке Жидебайдан бастау алды. Жидебайдағы Абайдың қорық-музейінде оқушылар Абай атамыздың қолданған тұрмыстық заттары және өмір салтын сипаттайтын өзге де өұнды жәдігерлермен жақынырақ танысты. Сонымен қатар оқушылар "Еңлік-Кебек" кесенесіне де тоқтап, тарихы бай өлкенің көрнекі жерлерін көрді. Қазақтың рухани астанасы саналған Семей қаласындағы Абай мұражайында да болып ақынның шығармашылығы және әдеби бай мұрасымен танысты.
#Абай180жыл
#Abai180




