25 тамыз күні «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» атты тақырыпта педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары, жылдық жұмыс жоспарын бекіту, мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылды.
Педагогикалық кеңесте «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын енгізу, бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – тұлғалық дамуға бағытталған, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын тәрбие модулін оқу үдерісіне біріктіру екендігіне баса назар аударылды. Бағдарлама “тәуелсіздік және отаншылдық”, “бірлік және ынтымақ”, “әділдік және жауапкершілік”, “заң және тәртіп”, “еңбекқорлық және кәсіби біліктілік”, “жасампаздық және жаңашылдық” сияқты 6 базалық құндылықтарға негізделгені айтылды.
Педагогикалық кеңес отырысына Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы -Жамила Қазалиқызы Муликова, Май ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Адамжанова Нургуль Жумановна қатысып, ұстаздар қауымына жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын!




