Repost from @bilim_mai
•
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті *балалар ойындарына ерекше назар аударуға шақырады.* Соңғы кезде халықаралық және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында бөтен адамдардың ойыншы кейпінде балалармен танысып, сеніміне кіріп, оларды жабық чаттарға шақырып, заңға қайшы әрекеттерге итермелейтіні жөнінде алаңдатарлық деректер жариялануда.
Комитет интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар негізгі қағидалар мен қауіпті белгілерді білуі тиіс екенін еске салады.
Балаларға интернетте не істеуге болмайды?
* жеке мәліметтермен (аты-жөні, мекенжай, телефон, отбасы жайлы мәлімет) бөлісу;
* Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте секілді желілердегі қауіпті топтар мен анонимді чаттарға кіру;
* ата-анасы тексермеген күмәнді онлайн-ойындарды ойнау.
Ата-аналар баланың іс-әрекетін қалай бақылай алады?
* ата-ана бақылауының параметрлерін пайдаланыңыз (Family Link – Android үшін, Screen Time – iOS үшін);
* баланың әлеуметтік желілердегі достары мен жазылымдарының тізімін бақылаңыз;
* аты-жөні жоқ, түсініксіз белгілермен, иероглифтермен немесе күмәнді суреттермен жасалған парақшаларға назар аударыңыз.
Көңіл бөлу қажет белгілер:
* бала дұрыс ұйықтамайды, түнде жиі оянады;
* денесінде түсініксіз жарақаттар, көгерулер пайда болады;
* тұйықталып, ашушаң болып, сөйлесуден қашады;
* мазмұны депрессивті немесе агрессивті бейнелерді жиі көреді;
* қорқынышты суреттер салып, оның мәнін түсіндірмейді.

