Skip to content

2025 жылдың 17 маусым күні Май ауданы бойынша жалпы білім…

2025 жылдың 17 маусым күні Май ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептердегі үздік оқушыларға «Алтын белгі» табыстау іс-шарасы өтті. Мектепті үздік тәмамдаған оқушыларға аудан әкімі Қ.Қ.Сатиев «Алтын белгі» төсбелгісін және өз атынан ата-аналарына алғыс хат табыстады. Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушылары, ”Алтын белгі” иегерлері Ерік Нурдина, Қайырбек Аяулым, Зарлыкова Мерей және мектебіміздің мақтанышы республикалық пән олимпиадасының жүлдегері Хуттымбек Ерасыл марапатталды. Осы мерейлі мереке қарсаңында аудан әкімі «Алтын белгі» иегерлерін үздік нәтижелерімен құттықтап, ата-аналарына Алғыс хаттар табыстап, ақ жол тіледі. Шара ерекше форматта, жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *