Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі жанындағы “Zhaltyr camp” жазғы сауықтыру лагерінде “Буллинг – қалай өзіңді тануға, әрекет етуге және қорғауға болады?” тақырыбында тренинг өткізілді.
🎯 Тренингтің мақсаты:
1. Буллингтің әр түрлі түрлері туралы хабардарлықты арттыру.
2. Өзін-өзі қорғау және сенімді мінез-құлық дағдыларын дамыту.
3. Жасөспірімдерге бір-біріне қолдау көрсету және немқұрайлы болмауды үйрету.
4. Эмпатия мен түрлі адамдарға деген құрметті тәрбиелеу.
💡Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу және жаттығу
Мақсат: Қатысушылармен қарым-қатынас орнату, сенімді атмосфера жасау, қатысушыларды белсендіру.
2. Тақырыпқа кіріспе Кішігірм – лекция «Буллинг дегеніміз не?»
3. Ойынды «Пікірталастар» өткізу Мақсат: Буллинг мәселесіне қатысты өз көзқарастарын анықтау.
4. Сенімді мінез-құлық жаттығуы Жаттығу «Қауіпсіздік шеңбері»
5. Эмпатия және қолдау «Егер мен оның орнында болсам…» Мақсаты: Эмпатияны дамыту.
6. «Кері байланыс шеңбері» Мақсаты: Жақсы сөздің күшін көрсету.
7. «Оскар» жаттығуы Мақсаты: Өзінің және басқалардың жақсы қасиеттерін көру дағдысын дамыту.
8. «Тас, жүрек, жұлдыз» жаттығуы Қатысушылар әртүрлі сезімдерін білдіріп, плакатқа немесе доскаға жапсырады.
