💫БЕЙІНДІК ЛАГЕРЬ -2025
🟦 ҚҰҚЫҚ КҮНІ – САНАЛЫ ҰРПАҚТЫҢ ТАҢДАУЫ
Мектебімізде Құқық күніне арналған тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Бұл шараға белсене атсалысқан оқушылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, келесі мәселелерге қарсы екендерін ашық жеткізді:
🔹 Зорлық-зомбылыққа қарсымыз
🔹 Құқықбұзушылыққа қарсымыз
🔹 Буллингке қарсымыз
🔹 Жемқорлыққа қарсымыз
Оқушылар әлеуметтік желілерде тренд түсіріп, қоғамға өз үндерін қосты. Олар өз ойларымен бөлісіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда әр адамның рөлі маңызды екенін жеткізді.
Сондай-ақ, оқушылар арасында құқықтық викторина ұйымдастырылып, олар өз білімдерін сынға салды. Сұрақтар түрлі заңдар, құқықтар мен міндеттер, бала құқығы туралы болды.
Өткізген: Бейіндік лагерь мұғалімдері
