ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Қазақстан балалары” 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізу тұжырымдамасы негізінде 23 мамыр “Полиция -балалардың қорғаны” тақырыптық күндер аясында 23.05.2025 ж. күні еліміз бойынша ұйымдастырылған “Білімім-ОТАНЫМА” атты жалпыреспубликалық тәрбие сағаты 8, 10- сынып оқушыларына Май ауданы полиция учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Д.С.Мұхтар қатысуымен өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:оқушыларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу және дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту және жазғы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болып табылады. Тәрбие сағатының басы Әнұранмен басталып, ары қарай Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың құттықтауын тамашалап, тыңдады. Тәрбие сағаты барысында балалардың құқықтары, міндеттері, ЖҚЕ туралы ақпараттар берілді. Тәрбие сағаты соңында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулықтары ұсынылды.
#қазақстанбалалары
#Қазақстанбалалары
#ҚазақстанбалаларыПавлодарБББ
