ТӘРБИЕ САҒАТЫ
23.05.2025 ж. күні еліміз бойынша ұйымдастырылған “Білімім-ОТАНЫМА” атты жалпыреспубликалық тәрбие сағаты 2,3,4- сынып оқушыларына өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:оқушыларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу және дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту және жазғы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болып табылады. Тәрбие сағатының басы Әнұранмен басталып, ары қарай Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың құттықтауын тамашалап, тыңдады. Тәрбие сағаты барысында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулықтары ұсынылды.




