🎁📌«Мектепке тағзым»: мектеп түлектері білім ордасына сыйлық тарту етті
Бүгінде түрлі қызметте еңбек етіп жүрген 2020 жылғы 5 жылдық түлектер «Мектепке тағзым» акциясы аясында мектепке 2 дана электропеш сыйға тартты. Осылайша өздері алтын ұя білім ордасының материалдық-техникалық базасының жабдықталуына үлес қосты.
Жалтыр орта мектебінде жылда дәстүрге айналған өз мектептерінен түлеп ұшқан түлектердің «Мектепке тағзым» акциясы жалғасын тауып келеді. «Туған елге тағзым ету -парызым, туған жерге қызмет ету -қарызым» дейтін жомарт жандар үшін игі бастама жалғасуда.
2020 жылғы түлеп ұшқан түлектерге мектеп ұжымы, оқушылар атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.
#мектепкетағзым

