Skip to content

Павлодар облыстық М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Аталар -…

Павлодар облыстық М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Аталар – ардагерлер, немерелер – із зерттегіштер» мұражайының ұйымдастыруымен өткен "Ұлы Жеңіс" V қашықтық байқауына мектебіміздің
4 сынып оқушысы Базаралиева Айсана қатысып, "Ұлы Отан соғысына қатысушының өмір жолы" номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қашықтық байқаудың мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігіне деген қызығушылықтарын көрсете отырып, жас ұрпаққа патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Айсана Ұлы Отан соғысының ардагері Жунусов Дайыр атасының өмір жолымен таныстырып, атасының ерлігі туралы бейнеролик түсірді.
Жетекшісі: Бакауова Назира Отарбаевна
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👏👏👏
@bilim_mai
@mai_aqparat

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *