Skip to content

АНАҒА ТАҒЗЫМ – АНАҒА ҚҰРМЕТ💐 Жалтыр ЖОББМ 4-сынып оқушысы Амангелді…

АНАҒА ТАҒЗЫМ – АНАҒА ҚҰРМЕТ💐

Жалтыр ЖОББМ 4-сынып оқушысы Амангелді Саяжан 11 мамыр – Аналар күнімен барша аналарды құттықтап, осы мерекеге орай басталған #AlgysAnama челленджіне қатысуда.
Ана — өмірдің шуағы, мейірім мен махаббаттың қайнар көзі. Осы өмірде қаншама жетістікке жетсек те, соның бастауында анамыздың ақ тілеуі, шексіз қамқорлығы мен сабыры тұрады.
Бүгін — жүректегі барлық алғысымды бір өзіңе арнағым келеді, ана!
Сіздің әрбір ақылың, әрбір алақаныңнан тараған жылулық — менің өмірімнің шамшырағы.
Қиын сәттерде демеу болып, қуанышта бірге күліп, жүрегіңмен құшағыңды ашқаның үшін мың алғыс!
Барлық аналар аман болсын! Мейірімге толы жүздеріңізден күлкі кетпесін. Сіздерге деген алғыс әрдайым жүректе!

#AlgysAnama #SpasiboMame #AnagaQurmet #ДеньМатери

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *