Skip to content

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖАЗА 📚2025 жылдың 13 мамыр…

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖАЗА

📚2025 жылдың 13 мамыр күні мектепте 8-10 сынып оқушыларына "Жалған ақпарат тарату: жауапкершілік және жаза" және "Антитеррор" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың буллинг пен кибербуллинг, қауіпсіздік туралы жалпы түсінігін қалыптастыру, олардың жауапкершілігін арттыру және өзара сыйластық қарым-қатынасты нығайту болды.

📚Дөңгелек үстел барысында оқушыларға жалған ақпараттың таралуы қандай салдарға әкелетіні, кибербуллингтің психологиялық әсері мен оның алдын алу жолдары туралы айтылды. Сондай-ақ, оқушыларға арнайы "Антитеррор" тақырыбында видеоролик көрсетіліп, тапсырмалар арқылы тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін ортаға салу мүмкіндігі берілді.

📚Бұл шара оқушылардың интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет етуіне, ақпараттың шынайылығын тексеруге және бір-біріне құрметпен қарауына ықпал ететін маңызды қадам болды.
Өткізген: Бакауова Н.О, Исина Д.Б.

#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *