Skip to content

Жалтыр ЖОББМ-де алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өтті 2025…

Жалтыр ЖОББМ-де алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өтті

2025 жылғы 16.05 күні Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде 10-сынып оқушыларына арналған медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараны мектептің мейіргері Ахмет Ақтоты Жулдызқызы өткізді.

Сабақ барысында оқушыларға түрлі төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету тәсілдері көрсетіліп, практикалық дағдылар үйретілді. Ақтоты Жулдызқызы алғашқы көмектің маңыздылығын түсіндіріп, оқушыларды белсенді қатысуға шақырды.

Оқушылар өз кезегінде үлкен қызығушылық танытып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтады. Мұндай сабақтар жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *