1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 мамыр – бірлік күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл мейрам – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіріп, достық пен татулықты дәріптейтін ерекше күн.
Мерекелік іс-шара барысында мектебіміздің өнерпаз оқушылары түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін орындап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
#1мамыр
#біртұтас_тәрбие
@bilim_mai
@mai_aqparat
