Жас құтқарушы – 2025
Оқушылардың өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мен оқушылардың төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын практикалық тексеру, тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мақсатында аудандық «Жас құтқарушы» сайысы өткізілді.
Сайыс 6 кезеңді қамтыды, әр мектеп командасы Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында өз өнерлерін көрсетті.
Сайыс Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және Білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ұйымдастырылып өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің Жалтыр Light командасы 2 орынды иеленді. Жетекшілері: Амангельдинов Арналды Русланович, Сламбекова Айгуль Муратовна.
