Skip to content

“Қауіпсіз терезе” акциясы және көктемгі, жазғы мезгілдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз…

"Қауіпсіз терезе" акциясы және көктемгі, жазғы мезгілдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 17 сәуірінде мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа Май ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға уәкілі, полиция аға лейтенанты Аленов Бакытбек Асылбекұлы және жергілікті полиция бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Назарбекова Айдана Канатовна қатысып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мопед, самокат жүргізу бойынша, алаяқтық және нашақорлықтың алдын алу бойынша жадынамалар таратты. Жиналыс барысында балалардың жалпы қауіпсіздігін сақтау, балалардың судағы, жолда жүру қауіпсіздігі, терезеден құлап кету жағдайының алдын алу, мектептен тыс уақытта және жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар жауапты екені ескертіліп, балаларды қараусыз қалдырмау керектігі айтылды.
#қауіпсізтерезе
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#атааналаржиналысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *