Skip to content

2025 жылдың 19 қаңтар күні Ақсу қаласында армрестлинг бойынша ашық…

2025 жылдың 19 қаңтар күні Ақсу қаласында армрестлинг бойынша ашық қалалық жарыс өтті. Жарысқа мектебіміздің 9 – сынып оқушылары қатысып, білек күштерін сынасып, 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Атап айтсақ 18 жасқа дейін Қуат Тамерлан (50 кг) жеңімпаз, Майдан Шәди (55 кг) күміс жүлдегер атанды. Команда бапкері Валитов Руслан Мұхамедқайырұлы. Ауданымызда армрестлинг спорт түріне өз тарапынан қолдау көрсетіп жүрген «АМАNAT» партиясының Май аудандық филиалына рахмет айтып, алғыс білдіреміз. Май еліміздің жеңісті күндері көп болғай! Спортшыларымызды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *