Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ілияс Есенберлиннің 110 жыл толуына орай мектеп кітапханашысы Ш.Алдангорова «Тарихи тұлға» атты кітап көрме ұйымдастырды.
Ол қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған қаламгер ретінде де белгілі. Жазушының шығармаларына бұған дейін мүлде көтерілмеген мәселелер арқау болды.Ілияс Есенберлиннің кеңестік кезеңнің азуынан қорықпай қазақ тарихын сақтау жолында еңбегі ерен тұлға.
«Қаhар», «Алмас-қылыш», «Жанталас» үш кітаптан құралған трилогиясы қазақ санасындағы өрлікті көркем сөзбен оятып, тарихымызды танытқан туындылар.
